Туризм жəне спорт министрі Ербол Мырзабосынов спорттық іс-шараларды өткізуге талап күшейетінін айтты.
Қазір осы оқиға бойынша толық тексеріс жүргізіліп жатыр. Жергілікті атқарушы органдар өткізетін мұндай шараларға талапты күшейтеміз. Бұқаралық спорт қауіпсіз әрі кәсіби деңгейде ұйымдастырылуға тиіс, – деп жазды министр Instagram-парақшасында.
Туризм және спорт министрі Алматыдағы марафонда екі қатысушының қайтыс болуын «ауыр жағдай» деп атап, марқұмның отбасына көңіл айтты
Естеріңізге сала кетейік, Алматыдағы марафонда екі адам қайтыс болған. Марафон кезінде 84 жастағы Аққоян Рсалиев пен 21 жасар Нұрбол Ахмадидің жүрегі тоқтап қалған.