Басты бетЖаңалықтар18 сәуірде Қазақстанның 2 қаласында ауа ластанады

18 сәуірде Қазақстанның 2 қаласында ауа ластанады

Бүгін еліміздің екі қаласында ауа ластанады. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлап отыр.

2025 жылғы 18 сәуірде Атырау, түнде Актөбе қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, – делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиян заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайда елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.