Оқушылардың үй тапсырмасы қысқартылды — Білім министрлігі

ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен Республиканың мектептерінде үй тапсырмасын ұйымдастыру және орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулықтар бекітілді.

2017 жылғы 24 сәуірде ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің № 182 бұйрығымен республиканың мектептерінде үй тапсырмасын ұйымдастыру және орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулықтарды бекітті. Бұл ұсыныстардың негізін «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ өткен жылғы сәуірден желтоқсанға дейін іске асырылған жобасының нәтижелері құрады.

«Біз Әдістемелік нұсқаулар оқушылардың оқу жүктемесін төмендететін, олардың өздік жұмысқа ынтасын және жалпы алғанда үлгерім сапасын арттыратын әрекетті құрал болады деп үміттенеміз», делінген ведомствоның баспасөз қызметінің хабарламасында.

ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Ж.А.Жонтаева, басқарма басшысы Т.Ж.Жакенова, бас сарапшылар А.А.Кемалова және Б.А.Қабатовалардың жетекшілігімен жарты жыл бойы ұсыныстар ведомстволық бағынысты ұйымдармен, өңірлердің мектептерімен жан-жақты талқылаудан және ресми веб-сайттар арқылы дауыс беруден өтті.

ДереккөзInform.kz