Басты бетЖаңалықтарҚосшыда балалар автобусы жол апатына түсті: 5 бала зардап шекті

Қосшыда балалар автобусы жол апатына түсті: 5 бала зардап шекті

Ақмола облысы Қосшы қаласында балалар автобусы жол апатына түсті. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлап отыр.

Полицияның мәліметінше, таңғы сағат жеті шамасында «Ивеко» маршруттық автобусы мен балалар мінген «Тойота» шағын автобусы соқтығысқан. Содан «Тойота» шағын автобусы аялдамаға соғылады.

Шағын автобуста 10 бала болған. Олардың бесеуі Астанадағы №2 қалалық ауруханаға жеткізілді.

Барлығын кезекші мамандар — реаниматолог, нейрохирург, травматолог, хирург қарады. Сонымен қатар рентгенографияны, КТ және ультрадыбысты қоса алғанда кешенді тексеруден өтті, — дейді Астана қаласы денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Төрт бала қажет көмек алып, амбулаториялық емделуге жіберілген. Бір бала жансақтау бөліміне жатқызылды.

Зардап шеккендердің жағдайы дәрігерлердің бақылауында, — дейді басқарма мамандары.

Оқиға бойынша тергеу басталды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да