Басты бет / Қоғам /
жедел жәрдем, коронавирус
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Жаңаөзенде мешіт өртеніп, 11 жастағы бала жансақтау бөліміне түсті

Жаңаөзенде мешіт өртеніп, жеткіншек ауыр жағдайда ауруханаға түсті. Бұл туралы облыстық ТЖД хабарлап отыр.

Оқиға 6 наурыз кешке болған. Төтенше жағдайлар мамандарының айтуынша, мешіттің кілемі өртенген.

Шаңырақ ықшам ауданында кешке қалалық мешітте өрт болды. 40 шаршы метр аумақ жанған. Өрттің неден шыққаны тексеріліп жатыр, — делінген хабарламада.

Ал өрттен зардап шеккен 11 жастағы жасөспірімнің жағдай ауыр дейді дәрігерлер.

Бала термиялық күйік алған, бет-аузы, мойны, жоғарғы тыныс алу жолдары, жалпы денесінің біраз бөлігі күйіп қалған. Қазіргі уақытта баланың жағдайы ауыр. Қажет ем-шаралар жасалып жатыр, — дейді Жаңаөзен қалалық ауруханасының мамандары.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook