Басты бетЖаңалықтарҚазақстанның су қоймаларының қазіргі жағдайы қандай?

Қазақстанның су қоймаларының қазіргі жағдайы қандай?

Су ресурстары және ирригация министрлігі тасқын суын қабылдау және қауіпсіз өткізу үшін еліміздің солтүстік, батыс, шығыс және орталық аймақтарындағы ірі су қоймаларынан су жіберіп жатыр.

Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Министрліктің мәліметінше, 31 наурыз күнгі жағдай келесідей:

Ақмола облысында Астана және Шағалалы су қоймаларынан секундына 1,5 текше метр, Сілеті су қоймасынан 81,74 текше метр су жіберіліп жатыр.

Ақтөбе облысындағы Ақтөбе су қоймасынан секундына 10 текше метр, Қарғалы су қоймасынан секундына 2 текше метрден су жіберіліп жатыр. Былтыр реконструкция жасалған екі су қоймасы белсенді су жинап жатыр. Бүгінгі таңда екі нысан орта есеппен 69%-ке толы.

Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма су қоймасынан секундына 650 текше метр, ал, Өскемен су қоймасынан 450 текше метр су жіберіліп жатыр.

Абай облысындағы Шүлбі су қоймасынан секундына 750 текше метр су жіберіліп жатыр.

Батыс Қазақстан облысында Киров су қоймасынан секундына 17 текше метр, Бітік су қоймасынан секундына 28 текше метр, Дөңгелек су қоймаларынан секундына 4 текше метр және Пятимар су қоймасынан секундына 1 текше метрден су жіберіліп жатыр.

Қарағанды облысында Ынтымақ су қоймасынан секундына 8 текше метр, Самарқанд су қоймасынан 5 текше метр су жіберіліп жатыр.

Ұлытау облысы Кеңгір су қоймасынан секундына 4,86 текше метр су жіберіліп жатыр.

Қостанай облысында Жоғарғы Тобыл су қоймасынан секундына 1,1 текше метр, Қаратомар су қоймасынан секундына 3 текше метрден су жіберіліп жатыр. Қазір екі нысан да белсенді су жинап жатыр, орта есеппен 69%-ке толды.

Солтүстік Қазақстан облысында Сергеев су қоймасынан секундына 450,4 текше метр, Петропавл су қоймасынан 640 текше метр су жіберіліп жатыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да