Биыл бірінші класқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2025 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
Бұл туралы оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі орта білім комитеті хабарлап отыр.
ҚР «Білім туралы» заңы бойынша, 1-класқа ата-анасының өтініші бойынша балалар 6 жастан бастап қабылданады. Құжаттарды мемлекеттік egov.kz электрондық үкіметі, жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы, сонымен қатар қағаз нұсқада 1 сәуір-31 тамыз аралығында тапсыруға болады.
Қазақстан азаматтары үшін жалпы білім беретін орта мектепке қабылдауға қажет құжаттар тізімі:
- ата-ананың немесе заңды өкілінің өтініші;
- №065-у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама және №052-2/у нысанындағы баланың денсаулық паспорты;
- өлшемі 3х4 см сурет (екі дана)
Шетел азаматтары үшін: Ата-аналар немесе басқа заңды өкілдер Қазақстанда уақытша немесе тұрақты тұруы керек. Шетел азаматтары мектепке Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығы туралы және тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы құжаттарды ұсынуы керек.
Өтініш демалыс және мереке күндерді қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады.