Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда электр энергиясына сұраныс өсіп келеді

Қазақстанда электр энергиясына сұраныс өсіп келеді

Энергетика саласын жаңғыртуда отандық өндірістің қуатын барынша тартуға маңыз беріледі. Бұл туралы 24.kz арнасы хабарлап отыр.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласы үшін өнім шығаратын кәсіпорындардың әлеуетін толық пайдалану жоспарланып отыр.

Қазақстандық компаниялардың жоспарланған өнім көлемі шамамен 3,5 триллион теңге болды. 2019 жылдан бері электр энергиясын тұтыну 14%-ке өсіп, шамамен 120 миллиард кВт/сағ болды.

Халық санының өсуін, сонымен қатар жүргізіліп жатқан индустриялық даму және цифрландыру саясатын ескере отырып, энергия тұтыну одан әрі арта түседі деп болжанып отыр.

Осыған орай президент тапсырмасы бойынша ядролық энергетиканы дамыту қолға алынды. Бірінші АЭС құрылысының ауданы анықталды. Тағы екі станция салу үшін құрылыс орындарын анықтау жұмыстары басталды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да