Сенатор Марат Қожаев үкімет басшысына депутаттық сауал жолдап, ұсынды.
Ресми мәлімет бойынша, былтыр Қазақстанда 31 597-ге дейін тіркелген. Бұл көрсеткіш күрт өсіп отыр. Жарақат алғандардың саны да 109%-ке артты. Әсіресе, зардап шеккен және қайтыс болған балалар көбейіп отыр. Ал жол апаттарының 96%-іне көлік жүргізушілерінің төмен дайындық деңгейі себеп болды.
Жол ережесін бұзатын көлік жүргізушілерінің басым бөлігінде көлікті басқаруға қажет білімі мен қабілеті жетіспейді. Себебі автомектептерді бақылау жүйесінде олқылықтар бар. Бүгінде елімізде 374 автомектеп бар. Алайда олардың қызметіне мемлекеттік бақылау тиісті деңгейде атқарылмайды. Соның салдарынан оқыту формалды түрде жүргізіледі. Ал түлектер қажет дайындықтан өтпейді, — дейді Марат Қожаев сенаттың бүгінгі отырысында.
Сенатордың айтуынша, көлік жүргізу куәлігін беру тәртібі де жиі бұзылады. Ал мамандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында емтихан тапсыруға қажет техника дұрыс істемейді, кейбір жерлерде автодром да жоқ.
Осыған байланысты Марат Қожаев көлік жүргізу емтихандарын тапсыру тәртібін қайта қарап, жаңа көлік жүргізушілері үшін сынақ мерзімін енгізуді ұсынды.
Мен өзім бұрын жол апаттарын тергедім. Бізде көлік жүргізуге рұқсат оңай беріледі. Ашығын айту керек, бізде көлік жүргізу куәлігін оңай алуға болады. Оны бәріміз білеміз. Олай болмауы керек. Шетелде көлік жүргізуге рұқсат оңай берілмейді, ол жақта адамдар қажет білім алып, көлік жүргізудің жауапкершілігін түсінгеннен кейін ғана көлікке отырады. Ал ең бастысы, сол мүмкіндікті бағалайды. Бізде олай емес, — деді Марат Қожаев.