«Қазгидромет» РМК синоптиктері 13-15 наурыз аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Синоптиктердің мәліметінше, бұл күндері Қазақстанның шығысы мен орталығында жауын-шашын жаумайды, ал батысы мен солтүстік-батыста циклонның әсерінен қар аралас жаңбыр жауады, жел соғады, арты көктайғаққа ұласады.
Еліміздің оңтүстігінде ашық әрі жылы ауа райы сақталады. Мәселен, батыс пен оңтүстік өңірлерде күндіз ауа температурасы 10-22 градусқа дейін, ал түнде 0-8 градусқа дейін жылынады.
Солтүстік өңірлерде аяз түсіп, түнде 10-25 градусқа дейін суытады. Еліміздің шығысында да аяз түсіп, ауа температурасы түнде 15-27 градусқа дейін, күндіз 2-13 градусқа дейін суытады, — делінген хабарламада.