Басты бетЖаңалықтарПеризат Қайрат құрған Biz birgemiz Qazaqstan 2030 қоры жабылды

Перизат Қайрат құрған Biz birgemiz Qazaqstan 2030 қоры жабылды

Астананың мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Әділет департаментінің Biz birgemiz Qazaqstan 2030 қоғамдық бірлестігін тарату туралы талабын қарап, бірлестікті мәжбүрлі түрде таратып жіберді.

Соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл бірлестік 2021 жылғы 11 қазанда тіркелген екен.

Бірлестіктің құрылтайшылары 10 адам, олардың есімдері Қайрат Перизатты қоса алғанда, құрылтай жиналыстарының хаттамаларында жазылған.  Қылмыстық істі тергеу барысында қолжазба сараптамасы жүргізіліп, қорытындысына сәйкес, 10 құрылтайшының тоғызының атынан құрылтай құжаттарына Қайрат Перизат қол қойғаны анықталды. Осы заңсыздықтарды ескере отырып сот Biz birgemiz Qazaqstan 2030 қоғамдық бірлестігін мәжбүрлі түрде тарату туралы шешім қабылдады. Шешім заңды күшіне енген жоқ, — делінеген хабарламада.

Еске салайық, Перизат Қайрат су тасқынынан зардап шеккендерге жиналған 1,5 миллиард теңгені жымқырды деген күдікке ілініп отыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да