Елордада баланы көлік қағып кетуі оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлап отыр.
Бейсекбаев көшесімен келе жатқан жүк көлігінің жүргізушісі Кенесары көшесінің қиылысында бұрылу кезінде, бағдаршамда белгіленген жолақтан жолды кесіп өтіп бара жатқан кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кеткені анықталды. Жаяу жүргінші бағдаршамның рұқсат етілген белгісі жанған кезде өтіп бара жатқан. Алған жарақатының салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында қаза болды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Жүргізушіге қатысты бұлтартпау шарасы таңдалады, — делінген хабарламада.
Баланы қағып кету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Осы оқиға бойынша Астананың денсаулық сақтау басқармасы оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері барғанын нақтылады. Тиісті көмекке қарамастан, бала қаза болған.