«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Қазақстандағы ХҚКО мен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамын тойлау кезіндегі жұмыс кестесі туралы мәлімдеме жасады.
Халықаралық әйелдер күніне орай 8 және 9 наурызда ХҚКО-лар мен МХҚКО-лар жұмыс істемейді.
Дүйсенбі күні, 10 наурызда азаматтарды тек кезекші орталықтарда сағат 09:00-13:00 аралығында қабылдайды.
Дәл осы жұмыс кестесі 25 наурызда да сақталады. Ал 21, 22, 23 және 24 наурызда Наурыз мейрамына байланысты демалыс күндері болады.
Айта кетейік, Қазақстанда 8-10 наурыз және 21-25 наурыз күндері жұмыс емес деп жарияланды.