Торонтодағы ұшақ апатынан 18 адам зардап шекті. Бұл туралы РИА Новости хабарлап отыр.
17 ақпанда түсте Пирсон халықаралық әуежайының ұшу-қону жолағында Delta Airlines әуе компаниясы ұшағының аударылуы салдарынан 18 адам зардап шекті.
Delta Airlines ұшағы қону кезінде аударылып қалғаны белгілі болды.
Әуежай өз жұмысын уақытша тоқтатты. Онтарио провинциясының губернаторы Даг Форд оқиғадан қайтыс болғандар жоқ деп мәлімдеп отыр.