Басты бетЖаңалықтарДастан Сәтпаев «Челсиде» қанша жалақы алады?

Дастан Сәтпаев «Челсиде» қанша жалақы алады?

Дастан Сәтпаев «Челсиде» айына 8,7 миллион теңге жалақы алады. Бұл туралы Sports.ru басылымы хабарлап отыр.

«Челси» футбол клубы Дастан Сатпаевты 4,3 млн еуроға сатып алған. Бірақ келісімшарт 2026 жылы, Дастан 18 жасқа толғанда күшіне енеді.

Осылайша, Дастан Сәтпаев қазақ футболы тарихындағы ең қымбат ойыншы болды. Оның трансфері 4,3 миллион еуроны құрады.

Келісімшарт бойынша ойыншыға айына 14 мың фунт (шамамен 8,7 миллион теңге) жалақы төленеді екен.

Айта кетейік, қазақ футболшыға «Челси» ғана емес, «Байер», «Зальцбург», «Бенфика» және «Реал Сосьедад» сияқты ірі клубтар қызыққан.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да