Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыссыздарға қандай көмек көрсетілгені туралы деректерді жариялады.
2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылар саны 106 мың адам болды. Бұл ретте 31,2 мың адамға төлем осы жылы тағайындалды. Төлемдердің жалпы сомасы 9,4 миллиард теңге болды.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылған жұмыскерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және кейінгі 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алады. Төлем жоғалған кірістің 45%-іне дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады, — деп жазылған хабарламада.
Бұл қызметті онлайн режимінде Электрондық еңбек биржасы (enbek.kz) арқылы да алуға болады.