Басты бет Жаңалықтар Фристайл-акробатикадан Қазақстан құрамасы күміс медаль иеленді

Фристайл-акробатикадан Қазақстан құрамасы күміс медаль иеленді

Фото: Туризм және спорт министрлігі
Фристайл-акробатикадан Қазақстан құрамасы қысқы Азия ойындарында 2-орын алды. Бұл туралы туризм және спорт министрлігі хабарлап отыр.

Құрама сапындағы Дінмұхаммед Райымқұл, Аяна Жолдас, Асылхан Асан, Шерзод Хаширбаев, Ардана Маханова 235.39 балл жинап, екінші орынға ие болды.

Бірінші орынды Қытай құрамасы (305.64 балл) иеленді. Үздік үштікті Жапония (191.28) акробаттары түйіндеді.

Еске салайық, бұған дейін шорт тректен Қазақстан құрамасы аралас эстафетадан күміс медаль алған еді. Артынша конькимен жүгіруші Евгений Кошкин 100 метр қашықтықта екінші болып келді.

Шаңғышы Константин Борцовқа қола жүлде бұйырды.

Аяна Жолдас фристайл-акробатикадан үшінші орын алды.

Шорт-тректен әйелдер құрамасы «күміс», ал ерлер құрамасы Азиада тарихында алғаш рет алтын медаль алды.

Конькимен жүгіруден Қазақстан әйелдер құрамасы қола медаль алды.

Exit mobile version