Басты бетPushАзиада-2025: Қазақстан спортшылары 2 «күміс» алды

Азиада-2025: Қазақстан спортшылары 2 «күміс» алды

Қытайдың Харбин қаласында Азиада өтіп жатыр. Қазақстан құрамасы 8 ақпанда аралас эстафетадан күміс медаль алды. Осы жеңісті артынша Евгений Кошкин де конькимен жүгіруден «күміс» иеленді. Бұл туралы ұлттық олимпиада комитеті хабарлап отыр.

Шорт тректен аралас эстафетада ел намысын Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Яна Хан және Малика Ермек қорғады.

Бұл сайыста Оңтүстік Корея құрамасы жеңімпаз болып, Жапония үздік үштікті түйіндеді.

Евгений Кошкин, Азиада, коньки
Фото: Сали Сабыров, ҰОК баспасөз қызметі

Конькимен жүгіруші Евгений Кошкин 100 метр қашықтықта екінші болып келді. Ол тек қытайлық Гао Тиньююға жол берді. Үздік үштікті Оңтүстік кореялық Джун Хо Ким түйіндеді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Толық