Жолаушылар қауіпсіздігін арттыру мақсатында 24 Тальго пойызына бейнебақылау жүйесі орнатылды.
Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ хабарлап отыр.
1 350 камера пойыз ішіндегі жағдайды тәулік бойы үздіксіз бақылайды.
Бұл шаралар оқыс оқиғалар мен құқықбұзушылықтардың алдын алуға, билетсіз жолаушыларды анықтауға және кез келген төтенше жағдайға жедел әрекет етуге көмектеседі.
Бейнебақылау жүйесінен алынған ақпарат тек ұлттық тасымалдаушының ситуациялық орталығындағы уәкілетті мамандарға ғана қолжетімді.