Басты бетЖаңалықтарАҚШ-тағы Қазақстан азаматтарына шұғыл ескерту жасалды

АҚШ-тағы Қазақстан азаматтарына шұғыл ескерту жасалды

АҚШ-тағы Қазақстан азаматтарына шұғыл ескерту жасалды. Бұл туралы сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев айтты.

Бірақ АҚШ-тың заңсыз мигранттарды қоныстандыратын лагерьлерінде Қазақстан азаматтары жоқ.

БАҚ өкілдеріне берген жауабында Ермұхамбет Қоныспаев АҚШ-тағы заңсыз жүрген ел азаматтарының санын нақтылай алмайтынын, бірақ министрлікте бұл туралы ақпарат барын айтқан.

Вашингтондағы Қазақстан елшілігі және басқа да консулдық мекемелер АҚШ-тағы азаматтарға қатысты тұрақты есеп жүргізіп тұрады. Жақында біздің елшілік АҚШ-тың көші-қон саясаты бойынша мәлімдеме жасады. Демек, аталған елде заңсыз жүрген адамдарға тиісті шара қолданылады. Дәл қазір заңсыз жүрген адамдардың нақты санын айта алмаймын. Бірақ олардың барлығына ескерту жолданды. Шамамен қанша адам заңсыз жүргені туралы ақпарат бізде бар. Сыртқы істер министрлігіне сауал жолдасаңыздар, олардың санына қатысты нақты мәлімет береміз, – деді ол.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ