Басты бетЖаңалықтарӨзбекстан Қазақстанға 16 миллиард текше метр су жібереді

Өзбекстан Қазақстанға 16 миллиард текше метр су жібереді

Өзбекстан 2025 жылғы 1 қазанға дейін Қазақстанға 16 миллиард текше метр су жібереді. Бұл туралы су ресурстары және ирригация министрлігі хабарлап отыр.

Бұл өткен су шаруашылығы жылымен салыстырғанда 1 миллиард текше метрге артық. 2023 жылғы қазан айынан 2024 жылғы қазан айына дейін Қазақстанға 15 миллиард текше метр жөнелтілді.

Сонымен қатар Өзбекстан тарапы 2025 жылғы суару маусымында «Достық» арнасы арқылы тұрақты сумен қамтамасыз етуге атсалысады.

Сонымен қатар қос тарап Қазақстанның Түркістан облысы мен Өзбекстанның Жизақ облысындағы шаруаларды сумен қамтамасыз етуді жақсартуға мүмкіндік беретін мемлекетаралық арналарға жөндеу жұмыстарын бірлесіп жүргізуге келісті.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ