Басты бетЖаңалықтарҚазақстанның бірнеше өңірінде дабыл жүйесі іске қосылады

Қазақстанның бірнеше өңірінде дабыл жүйесі іске қосылады

Еліміздің кей өңірінде «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі хабарлап отыр.

6-7 ақпанында «Су тасқыны кезеңі жағдайларындағы төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау» тақырыбы бойынша «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығудың бірінші кезеңі өтеді, — делінген хабарламада.

Оқу үйлестіру және жетекшілік ету жөніндегі республикалық штаб Атырауда орналасады. Оқу-жаттығу шеңберінде екі күн бойы Алматы, Шымкент қалаларында, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан және Жетісу облыстарында профилактикалық іс-шаралар кешені өткізіледі.

Оқу-жаттығу аясында «Баршаның назарына!» дабылы бойынша аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығы тексеріледі.

6 ақпанда сағат 11.00-де барлық дыбыстық электр дабылдары қосылады. Бұл кезде тұрғындардан тыныштық сақтап, үрейге бой алдырмау сұралды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ