Басты бетЖаңалықтарЕлімізде 4 237 шетел азаматы заңсыз такси қызметін атқарған

Елімізде 4 237 шетел азаматы заңсыз такси қызметін атқарған

Наурызбай ауданының прокуратурасы еліміз бойынша 400-ден астам таксопаркті анықтады, онда 4 237 шетел азаматы жергілікті атқарушы органдардың рұқсатынсыз қызметін заңсыз жүзеге асырған.

Бұл туралы Алматы қаласының прокуратурасы хабарлап отыр.

Көші-қон қызметі комитеті прокуратураның қадағалау актісін қарап жатыр, онда елде заңсыз қызметті жүзеге асырған таксопарктерге де, шетел азаматтарына да қатысты тиісті шаралар қабылдау туралы мәселе қойылған.

Бүгінгі күні еліміз бойынша ӘҚБтК-нің 517-бабымен 346 шетелдік-таксист (Алматы — 136) және ӘҚБтК-нің 519-бабымен 148 адам (Алматы — 29) шетелдік жұмыс күшін тартқаны үшін (таксопарктер) әкімшілік жауаптылыққа тартылды, 112 қабылдау-тарату орнына (Алматы — 81) қамалды, республикадан 156 шетел азаматы шығарылды (Алматы — 79), — делінген хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Толық