Басты бетЖаңалықтарАлматы облысы тауларында қар көшкіні қаупі бар: ТЖД ескерту жасады

Алматы облысы тауларында қар көшкіні қаупі бар: ТЖД ескерту жасады

Алматы тауларында қар көшкіні жүру қаупіне байланысты облыстың төтенше жағдайлар департаменті ескерту жариялады.

Бұл туралы ТЖД хабарлап отыр.

Алматы облысының тауларында 3-10 ақпан аралығында көшкін қаупі сақталады. ТЖД азаматтардан, туристерден және демалушылардан қар көшкіні болуы мүмкін қарлы беткейлерге шықпауды, сонымен қатар таулы жерлерде барлық қауіпсіздік талаптарын сақтауды сұрайды, – делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, облыс бойынша көшкін қаупі бар 55 учаске бар. Олар Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында – Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде орналасқан.

Негізінен қар көшкіні температураның жоғарылауына және жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты болады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Толық