Басты бетЖаңалықтарКөлікті мас күйде жүргізген шетел азаматы ұсталды

Көлікті мас күйде жүргізген шетел азаматы ұсталды

Қарағанды ​​облысында полицейлер мас күйде көлік жүргізген шетел азаматын ұстады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлап отыр.

Қарағанды ​​облысы ІІД патрульдік полиция батальонының экипаждары жол-көлік оқиғаларының алдын алуға күш салып, күн сайын тынымсыз профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Тәртіп сақшылары шаршаған жүргізушілерді кемпингтерге тоқтап, демалуға шақырады.

Кезекті көлікті тоқтату кезінде жүргізушіден алкогольдің өткір иісі шыққан. Медициналық тексеру орташа ауырлықтағы масаңдықтың барын растады.

Полицейлер сотқа материалдарды дайындау барысында құқық бұзушының көрші мемлекеттің азаматы екенін, оның миграциялық картасының мерзімі өтіп кеткенін анықтады, — деп жазылған хабарламада.

Көлік құралын мас күйінде жүргізу, сонымен қатар көші-қон заңнамасын өрескел бұзу фактілері бойынша материалдар түпкілікті шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Толық