Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда тазы мен төбет күні белгіленді

Қазақстанда тазы мен төбет күні белгіленді

Қазақстанда 3 қыркүйек Тазы мен төбет күні ретінде ресми бекітілді. Бұл туралы ҚР экология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлап отыр.

Үкіметтің 2017 жылғы 31 қазандағы қаулысына өзгерістер енгізіліп, Қазақстандағы мерекелік күндер тізімі «3 қыркүйек – Қазақы ит тұқымдары күні» деген тармақпен толықты.

Министрліктің мәлімдеуінше, бұл мерекені енгізу – қазақ халқының мәдени мұрасын, тарихын және дәстүрін дәріптеуге бағытталған маңызды қадам. Сонымен қатар мереке этнография мен ұлттық мәдениетке қызығатын туристердің назарын аударуға ықпал етеді.

Тазы мен төбеттің маңызын арттыру, кинология саласын дамыту және онымен байланысты салалардың өркендеуі жаңа жұмыс орындарын ашуға, салықтық түсімдерді арттыруға және экономикалық өсімге оң әсерін тигізеді, – деп атап өтті министрлік.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да