Батыс Қазақстан облысында тұманға байланысты бағытынан адасып кеткен екі малшы құтқарылды.
Кеше кешке 112 пультіне 1987 жылы туған ер адам хабарласып, 2009 жылы туған жасөспіріммен бірге жылқы іздеуге шыққанын, алайда қою тұман салдарынан жол таба алмай қалғанын жеткізген, – делінген хабарламада.
ТЖМ құтқарушылары іздестіру жұмыстарын дереу бастап, малшыларды Амангелді ауылынан 5 шақырым жерден тапты.