Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда қос азаматтығы бар 91 адам шекарадан өтпек болған

Қазақстанда қос азаматтығы бар 91 адам шекарадан өтпек болған

Жыл басынан бері қос азаматтығы бар 91 адам шекарадан өтпек болған. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлап отыр.

2025 жылдың басынан ҰҚК шекара қызметі өткізу пункттерінде бір мезгілде Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттің азаматтығы бар адамдардың шекарадан өтуінің 91 фактісін анықтады.

Ұсталғандар ісі қарау үшін полиция органдарына берілді. Айта кету керек, 2024 жылы мемлекеттік шекарада 1 190 қос азаматтық фактісі анықталды. Құқық бұзушылықтардың негізгі бөлігі жақын шетел азаматтарына тиесілі болды. ҰҚК шекара қызметі қазақстандық заңнамаға сәйкес қос азаматтықтың болуы 300 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салуға немесе әкімшілік жолмен шығарып жіберуге әкелетінін еске салады, — делінген ведомство хабарламасында.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ