Ақпан айында жанар-жағармай мен газ қымбаттайды. Бұл туралы энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты.
Министр ақпан айынан бастап бензин, дизель, сұйытылған газ бағасы өсетінін мәлімдеп отыр. Оның айтуынша, мұнай өнімдерінің бағасы бойынша президент жанындағы кеңес шешім қабылдап қойған екен. Жанар-жағармай ғана емес, сұйытылған мұнай газының бағасы да кезең-кезеңмен өседі.
Мұндағы бас ұстаным бағаны бақылаудың нормативтік және әкімшілік шараларын үкімет атқаруға бағытталған. Демек, әлеуметтік маңызды тауарлар бағасы күрт өспейді, – деді ол.