Жанар-жағармайды шекарадан шығаруға қойылған шектеу тағы ұзарады

Елімізде автомобильмен бензинді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрін шығаруға салынған шектеу алты айға ұзарады.

Бұл туралы энергетика министрлігінің «Ашық НҚА» порталында жарияланған «Қазақстан Республикасы аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы» бірлескен бұйрығының жобасында жазылған.

Жанармай сатылымын шектеу немесе жасырып қою мәселесі үкіметте талқыланды.

Құжатта Қазақстан Республикасының аумағынан автомобильмен бензинді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрін шығаруға алты ай мерзімге тыйым салынаты жазылған.

Авиациялық отын үлгілеріне және көлемі көрсетілген хат болған жағдайда өнеркәсіптік өндіріске қою, оны өнеркәсіптік өндірудің технологиясын бекіту мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін авиациялық отынды шығаруға шектеу қойылмайды.

Еске салайық, 2022 жылғы шілдеде елімізден бензин мен дизель отынын әкетуге тыйым салынған еді.