Басты бетЖаңалықтарЕсік көліне апартын жол көктемге дейін жабылды

Есік көліне апартын жол көктемге дейін жабылды

Алматы облысында Есік көліне баратын жол 2025 жылғы наурыз айының соңына дейін жабылды. Бұл туралы Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі хабарлап отыр.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл шектеу қар көшкіні мен төтенше жағдайлардың алдын алу үшін енгізіліп отыр.

Түрген–Обсерватория тасжолы бойындағы Түрген орман шаруашылығының бақылау-өткізу пункті арқылы ұлттық паркке баруға жаяу жүргіншілерге, сонымен қатар жеңіл, жүк және жолаушылар көлігіне сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін өтуге рұқсат етілген, — делінген хабарламада.

Кешкі сағат 18:00-ден таңғы сағат 10:00-ге дейін өтіуге тыйым салынады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ