Басты бетЖаңалықтарПрезидент үкіметтің ҚҚС мөлшерлемесін көтеру туралы ұсынысын қолдады

Президент үкіметтің ҚҚС мөлшерлемесін көтеру туралы ұсынысын қолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің қосымша құн салығын (ҚҚС) ұлғайту жөніндегі ұсынысын қолдады.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин ҚҚС бойынша шекті 15 миллион теңгеге дейін төмендетуді көздейтін жаңа салық реформасын ұсынды. Бұл ретте оның мөлшерлемесін арттыру жоспарланып жатыр. Министрлер кабинетінің мүшелері бұл соманы парламент мүшелерімен талқылайды. Мемлекет басшысы бұл ұсынысты қолдады.

Мен реформаның қажет екенін растаймын. Бірақ қазір біздің алдымызда ұлттық қордан берілетін трансферттер санын азайту, оның жинақ функциясын күшейту міндеті тұр. Жинақталған қаражатты ірі инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға бағыттау қажет. Осылайша, біз мемлекеттің даму жөніндегі қызметін күшейтетін боламыз. Дегенмен, бұл сәтті пысықтауымыз керек деп ойлаймын, – деді президент.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ