Үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын (АЭС) салу бойынша келісімдердің жақын арада жасалатынын мәлімдеп отыр.
Алдағы уақытта Алматы облысында алғашқы атом электр станциясын салу бойынша қажет келісімдерге қол қоямыз. Сонымен қатар екінші және үшінші атом электр станцияларының құрылысы үшін өңірлерде талдау аяқталуға жақын, – деді премьер-министр.