Құтқарушылар 12 адамның өмірін аман қалып қалды. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Жетісу облысына қарасты Алакөл ауданында Үшарал-Достық тасжолы, Теректі учаскесінде алты жүк көлігі мен екі жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойған. Құтқарушылар ақ түтек боранда жол бойында қалған жолаушыларға көмек көрсетті.
Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, төтеншеліктер жолда қалғандардың бәрін Достық станциясына арнайы техникамен жеткізді. Азаматтарға медициналық көмек қажет болмады, — делінген хабарламада.