Семейде шырша безендіруге барып, биіктен құлаған мұғалім ісінде əкім орынбасары күдікті деп танылды. Бұл туралы бас прокурор Берік Асыловтың депутаттық сауалға берген жауабында жазылған.
Тергеп-тексеру барысында мұғалімдерді кəсіби міндеттерімен байланысы жоқ жұмыс түрлеріне тартуға жол берген қала əкімінің орынбасары А. Хамзаев күдікті ретінде танылды, – делінген жауапта.
Бас прокурор «Билiк өкiлетін асыра пайдалану» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын айтты. Естеріңізге сала кетейік, Семейде шырша безендіруге міндеттелген Қуат Айтқалиев 4-5 метр биіктен құлаған.