Шерзат Болаттың өліміне қатысты сот наурызда басталуы мүмкін. Бұл туралы адвокат Саида Тәуекелева хабарлап отыр.
Қылмыстық іс материалдарымен танысып болғаннан кейін сот қашан басталатыны белгілі болады. Менің болжамым бойынша, сот шамамен наурыздың ортасына қарай басталуы мүмкін. Себебі қылмыстық іске қатысушы өте көп, – деді адвокат.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы 4 қазанда Талғарда 16 жасар Шерзат Болат кісі қолынан қаза тапты. Сот 11 адамды қамауға алды.