Алматының коммуналдық қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
22-23 қаңтарда Алматыда жауған қардың қалыңдығы 18 сантиметрге жетті.
Қар күреу жұмыстары қала көшелерінде тәулік бойы жүргізіліп жатыр. Оған жүздеген техника мен 1 280 жұмысшы тартылды. Түнгі уақытта қарды шығару үшін 161 жүк көлігі жұмылдырылды. 24 мың текше метр қар шығарылды. Қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету және жолдарды тазарту мақсатында 442 арнайы техника жолдарды тазалауға кірісті, — делінген хабарламада.
Сонымен қатар тротуарларды, қоғамдық орындарды, қоғамдық көлік аялдамалары мен жерүсті өткелдерін механикаландырылған тазалау жұмыстары қолға алынды.
Бүгін күндізгі уақытта 448 техника мен 1 192 жұмысшы шығады.