Басты бетЖаңалықтар25 қаңтардан бастап пойыздарда интернет пайда болады

25 қаңтардан бастап пойыздарда интернет пайда болады

Заманауи спутниктік технологиялар арқылы пойыздарда ғаламторға қолжетімдікті қамтамасыз ететін пилоттық жоба іске қосылады.

Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Бұл қызмет ең алдымен жолаушылар арасында танымал бағыттардың бірі № ¾ «Астана-Алматы» пойызында жүзеге асырылмақ.

Пилоттық жоба шеңберінде заманауи спутниктік технологияларды пайдаланып, пойыздарға ғаламтор қосу мүмкіндігі жоспарланып жатыр. Бұл жолаушыларға сапар барысында WhatsApp, YouTube секілді қосымшаларды еркін пайдалануға және бейнемазмұндарды көруге мүмкіндік береді. Бірақ торренттер мен файлдарды жүктеу сайттарына шектеу қойылады. Жобаның техникалық қолдауын Қазақстандағы OneWeb-тің ресми серіктесі Jusan Mobile жүзеге асырады, — делінген ұлттық тасымалдаушы компанияның хабарламасында.

Ғаламтор қызметімен қатар, жоба аясында жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту және пойыз бригадасының жұмысын оңтайландыру үшін бірқатар заманауи технологияларды сынақтан өткізу көзделіп отыр. Олардың ішінде:

● Билеттерді жылдам және ыңғайлы тексеруге арналған жолсеріктердің мобайл құрылғылары;

● Вагон-мейрамханаларда қолма-қол ақшасыз төлем жасауға мүмкіндік беретін POS-терминалдар;

● Қауіпсіздік деңгейін арттыру және қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету үшін пойыз басшыларына арналған бейнетіркеуіштер;

● Вагондардағы жағдайды бақылауды күшейту үшін орнатылатын бейнебақылау жүйелері.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Толық