Басты бетЖаңалықтарҚарағанды облысында сатушыны пышақтап кетті: күдікті ұсталды

Қарағанды облысында сатушыны пышақтап кетті: күдікті ұсталды

Қарағанды облысы Саран қаласында сатушыны өлтіріп кетті деген күдікпен бір адам ұсталды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлап отыр.

Жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында Саран қаласының 27 жастағы тұрғының өліміне қатысты бар деген күдікті ұсталды, — делінген хабарламада.

50 жастағы күдікті қамауға алынды. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, 23 қаңтарда дүкен сатушысына шабуыл жасаған ер адамның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Салдарынан жәбірленуші қайтыс болды.