Басты бетЖаңалықтарҚырғызстанда екі қар көшкіні жүрді: зардап шеккендер бар

Қырғызстанда екі қар көшкіні жүрді: зардап шеккендер бар

Өткен түні Төө-Ашуу асуында жүрген екі қар көшкіні алты жеңіл көлік пен бір шағын автобусты басып қалды.

Бұл туралы Kazinform хабарлап отыр.

Қырғыз Республикасы төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Бообек Әжікеевтің айтуынша, жолаушылар көлігінің бірін толығымен қар басып қалған, құтқарушылар одан төрт адамды алып шықты. Зардап шеккендердің арасында есінен танған әйел бар. Ол дереу ауруханаға жеткізілді.

Қырғызстан Республикасы көлік және коммуникация министрлігінің мәліметінше, қар көшкіні болған Бішкек-Ош тасжолының 132-ші шақырымында жолды тазалау жұмыстары жүргізілді. Жергілікті уақыт бойынша сағат 22:10–да «Сосновка» көліктік бақылау бекетінде жолаушылар көлігінің өтуіне қойылған шектеу алынды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ