Басты бетЖаңалықтарМемлекет басшысы Түркия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Түркия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Болу провинциясында орналасқан Карталкая тау шаңғысы орталығында болған өрт салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.

Сонымен қатар мемлекет басшысы Қазақстан халқының және өзінің атынан Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған мен жақындарынан айырылған отбасыларға, сонымен қатар бауырлас түрік халқына көңіл айтып, зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Еске салайық, Түркиядағы тау шаңғы курортындағы қонақүйлердің бірі жанып кетті. Өрт салдарынан 76 адам қаза болып, 51 адам жараланды.

Өрт құрбандарының көп болуына байланысты 22 қаңтар елде Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да