Басты бетЖаңалықтарҮкімет картоп бағасын тұрақтандырады

Үкімет картоп бағасын тұрақтандырады

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында ҚР сауда және интеграция министрлігі кешенді жұмыстар атқарып жатыр.

Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Жыл басынан сауда үстемесін 15%-тен асырмау бойынша 20 аймақтық комиссия өтіп, олардың барысында әлеуметтік маңызы бар өнім саналатын картопқа қатысты 49 заң бұзушылық анықталды. Анықталған барлық фактілер бойынша тиісті әкімшілік шаралар қабылданатын болады.

Сауда министрлігінің ірі сауда желілерімен, атап айтқанда, Small және Magnum желілерімен өткізілген кездесулердің нәтижесінде, бүгінгі күні Астанадағы Small желісінде картоптың орташа бағасы 280 теңгеге, ал Magnum желісінде 185 теңгеге дейін төмендеді. Сауда комитетінің мониториңі бойынша, бүгінгі күні Қазақстан бойынша картоптың орташа бағасы 322 теңге. Әлеуметтік дүкендер мен ӘКК серіктестерінде – елдің барлық аймақта картоптың көлемі жеткілікті және нарықтағы бағадан төмен сатылып жатыр, – делінген хабарламада.

Аймақтардың тұрақтандыру қорларында жинақталған картопты сату жалғасып жатыр. 2024 жылғы желтоқсаннан 2025 жылғы 19 қаңтарға дейін жалпы көлемі 85,4 мың тоннаны құрайтын картоптың 23,6 мың тоннасы сатылды. Кейінгі үш күнде шамамен 3 мың тонна картоп сатылды, оның ішінде Алматы қаласында – 300 тонна, Шымкентте – 600 тонна, Түркістан облысында – 300 тонна және тағы басқа. Бүгінгі күні тұрақтандыру қорларында 62 мың тонна картоп бар.

Аталған шаралар ішкі нарықтағы бағаның төмендеуіне ықпал етті.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Толық