Басты бетЖаңалықтарШерзат Болаттың өліміне қатысты тергеу аяқталды

Шерзат Болаттың өліміне қатысты тергеу аяқталды

Шерзат Болаттың ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Бұл туралы Алматы облысының полиция департаменті ақпарат таратты.

Былтыр 4 қазанға қараған түні болған кәмелетке толмаған адамды өлтіру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу аяқталды. Қазіргі уақытта тараптарды сотқа дейінгі тергеу материалдарымен таныстыру процесі жүріп жатыр. Тараптар танысқаннан кейін қылмыстық іс оның заңдылығын тексеру және сотқа жіберу туралы мәселені шешу үшін прокурорға жіберіледі, – делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, елімізде 4 қазанға қараған түні 16 жастағы Шерзат Болатты бір топ адам әке-шешесінің көзінше пышақтап кеткен. Жасөспірім ауруханада қаза болды.

Бұған дейін Шерзат Болаттың отбасы тұрған үйді белгісіз біреулер өртеп кеткенін жазған едік.

Психолог Гүлзат Қанат жасөспрімді ұрып өлтірген адамдардың паталогиялық агрессиясы бар екенін айтқан еді.

9 желтоқсанда Талғар маңында Шерзат Болаттың ағасы өлі табылды. Ер адам өз-өзіне қол салған. Аталған жағдай бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. 

11 желтоқсанда Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық соты марқұм Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовты қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 15 тәулікке қамады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Толық