Анненская кенішінде жұмысшы қаза болды. Бұл туралы «Қазақмыс» компаниясының баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Қайғылы оқиға Шығыс-Жезқазған кенішінің Анненская шахтасында болған.
Өндірістегі жазатайым оқиға салдарынан 1985 жылғы туған 5-разрядты ұнтақтаушы қаза болды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда, жазатайым оқиғаны тергеу үшін арнайы комиссия құрылды, — делінген компания хабарламасында.
Компания марқұмның отбасына жерлеу шығындарымен, ұжымдық шартта көзделген барлық қажет көмек көрсетілетінін хабарлады.