Астана қаласы ТЖД ауа райына байланысты қала тұрғындары мен қонақтарына үндеу жасады. Бұл туралы елорда әкімінің ресми сайты хабарлап отыр.
Қалалық ТЖД «Қазгидромет» РМК деректеріне сүйеніп, ескерту жасады.
«Қазгидромет» РМК деректері бойынша, Астана қаласында 20-21 қаңтар күндері түнде жаяу бұрқасын, күндіз бұрқасын болуы ықтимал. Көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі, — делінген ТЖД хабарламасында.
Осыған орай, Астананың төтенше жағдайлар департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарына мамандардың ұсынымдарын тыңдауға, сақ болуға, ауа райының өзгеруі және енгізілген шектеулер туралы ақпаратты қадағалауға кеңес береді.
Көктайғақ кезінде келесі ережелерді сақтау қажет екенін ескертеді:
- Биік өкшелі аяқ киімнен бас тартып, сырғанамайтын аяқ киімді киіңіз;
- Аяғыңыздың астына мұқият қараңыз, қауіпті жерлерді айналып өтуге тырысыңыз;
- Егер мұзды «шұңқырды» айналып өту мүмкін болмаса, онда шаңғышы сияқты кішкене жылжымалы қадамдармен жүріңіз;
- Жолдың жүріс бөлігінде өте мұқият болыңыз: асықпаңыз және көп жүгірмеңіз;
- Көлбеу беті бар барлық жерлерді айналып өтуге тырысыңыз;
- Мүмкіндігінше қолдарыңыз бос болуы керек, ауыр сөмкелерді алып жүрмеуге тырысыңыз, қолыңызды қалтаңызға салмаңыз – бұл құлау мүмкіндігін арттырады;
- Қарт адамдарға резеңке ұшы бар таяқшаны немесе ұштары бар арнайы таяқшаны қолдану ұсынылады.