Павлодарда қызметтік иттердің көмегімен 73 адам өлтіру фактісі анықталған. Бұл туралы Polisia.kz хабарлап отыр.
2024 жылы қызметтік иттер 4 344 қылмысты ашуға көмектесті. Оның 73-і адам өлтіруге қатысты, — деп жазылған ведомство хабарламасында.
Қызметтік иттердің арқасында 12 қарақшылық пен 137 тонау қылмысы анықталған. Әсіресе ұрыларды ұстауға көп көмектескен.
1 305 ұрлық, 482 есірткі құқық бұзушылығы қызметтік иттердің арқасында анықталды. Сонымен қатар заңсыз айналымнан 4,4 тоннадан астам есірткі, оның ішінде 146 кг синтетикалық есірткі тәркіленді, — делінген хабарламада.