Қасым-Жомарт Тоқаев экономика мәселесіне Қауіпсіздік кеңесі жұмысының отырысын өткізді. Президент ірі инфрақұрылымдық жобалар мен цифрландыру жоспары еліміздің экономикалық саясатының бас бағыты бола беретінін айтты.
Халық алдындағы негізгі әлеуметтік міндеттемелердің бәрін орындауға және маңызды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруды жалғастыруға тиіспіз, – деді президент.
Мемлекеттің қаржылық тұрақтылығын сақтау мен ақша-несие саясатын іске асыру тетіктерін жетілдіруге ерекше назар аударылды.
Үкіметтің міндеті – халықтың әл-ауқатын, экономикалық өсім қарқынын және тартылатын инвестиция көлемін төмендетуге жол бермеу, – деді президент.