Басты бетЖаңалықтарАлматыда заңсыз салынған көпқабатты...

Алматыда заңсыз салынған көпқабатты үй бұзылып жатыр

Алматыда сот шешімімен ірі құрылыс нысанын бұзу жұмыстары басталды. Бұл туралы өңірдегі қала құрылысын бақылау басқармасы хабарлап отыр.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Черновицкая көшесі, 10 мекенжайында орналасқан үш қабатты үйді бұзу жұмыстары басталды.

Меншік иесі (жеке тұлға) құрылысқа рұқсат құжаттарынсыз кіріскен – сәулет-жоспарлау тапсырмасы (СЖТ), эскиздік жоба келісімі, жоба сараптамасы және құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарлама болмаған. Тұрғынның өтініші бойынша жоспардан тыс тексеріс нәтижесінде меншік иесіне қатысты әкімшілік шара қабылданды, — деп хабарлады басқармадан.

Кейін Алматының Жетісу аудандық соты басқарманың талап-арызы негізінде заңсыз салынған үш қабатты тұрғын үйді бұзу туралы шешім шығарды. Нысан меншік иесінің ерікті түрде, сот орындаушыларының қатысуымен бұзылып жатыр.