«ҚазАвтоЖол» ауа райына байланысты Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында жол жабылатынын хабарлап отыр.
2025 жылғы 17 қаңтар сағат 17:00-де ауа райының бұзылуына байланысты «Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» автожолының 971-1013 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қалбатау ауылынан Шығыс Қазақстан облысының шекарасына дейін) көліктердің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады, — делінген хабарламада.
Жолды 18 қаңтар сағат 05:00-де ашу жоспарланған. Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысында да көлік қозғалысына шектеу қойылады.
17 қаңтар сағат 17:00-де ауа райының бұзылуына байланысты «Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» автожолының 1 013-1 048 шақырым аралығындағы учаскесінде (Абай облысының шекарасынан Ұлан ауылының бұрылысы) көліктердің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады, — деді компаниядан.
Жолды 18 қаңтар сағат 05:00-де ашу жоспарланған.