Желтоқсанда елде жылдық инфляция жеделдеп, 8,6% болды (қарашада – 8,4%). Жылдық инфляция 10 өңірде жеделдеді, тоғыз өңірде баяулап, бір өңірде өзгеріссіз қалды.
Бұл туралы ҚР ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Жылдық инфляцияның ең жоғары мәні Астана қаласында тіркелді.
Желтоқсанда азық-түлік тауарларының бағасы ж/ж 5,5%-ке дейін жеделдеді (қарашада – 5,4%). Осы топтағы тауарлар бағасында максималды өсім Жетісу облысында (7,9%), минималды өсім Түркістан облысында (3,0%) тіркелді.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны ж/ж 8,3%-ке дейін үдеді (қарашада – 8,0%). Ең жоғары мән Түркістан облысында (13,2%), ең төменгі мән Павлодар облысында (5,3%) тіркелді.
Желтоқсанда ақылы көрсетілетін қызмет бағасы ж/ж 13,3% болып бұрынғы деңгейде сақталды (қарашада – 13,3%). Сонымен қатар баға Астана қаласында (16,9%) жалпы республикалық деңгейден біршама жоғары, Түркістан облысында (9,5%) айтарлықтай төмен өсті.
Желтоқсанда ел төңірегінде айлық инфляция 0,9%-ке өсті, бұл – бұрынғы орташа мәнінен жоғары (2017-2021 жылдардағы желтоқсанда – 0,7%).